Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаулық екі футболшы "Арсенал - Киев" ФК жолдама алды
Добавлено: 24.07.2018
Изменено: 24.07.2018
Просмотров: 1398

Маңғыстаулық екі футболшы "Арсенал - Киев" ФК жолдама алды

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Украинаның «Арсенал-Киев» ФК арасында Маңғыстау футболын дамыту үшін спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында өңірдегі футболды дамыту, "Каспий" футбол клубы мен Украинаның "Арсенал-Киев" арасындағы әріптестікті күшейту. Сонымен қатар, маңғыстаулық талантты жас футболшылардың шеберлігін шыңдау үшін шетелдік клубтарға жолдама беру және инфрақұрылымды дамыту көзделген.

Маңғыстау тұрғындарына тосынсый болған тағы бір жаңалық аталмыш меморандум шеңберінде «Каспий» футбол клубының 2 ойыншысы - Мырзабек Алтынбек/2000жылы туылған/(Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті) пен Нұрғазиев Жанболат /2000жылы туылған/. («Келешек» колледжінің студенті) «Арсенал-Киев» ФК-мен келісім-шарт негізінде іріктеуден өтіп, жолдама алып отыр.

"Қазіргі алға қойған басты мақсатымыз "Каспий" футбол клубының республикалық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, аталмыш клубымыздың бірінші лигада үздік өнер көрсетіп, алдыңғы қатарда көрінуіне ықпал етуді көздеп отырмыз. Жұмысымыз нәтижелі болу үшін бапкерлік құрамды таңдауды басты назарға алуымыз керек. Облысымыздағы футболды жүйелі түрде дамыту мақсатында әртүрлі жастағы командаларды дайындауды бір жолға қоюымыз қажет. Сол үшін бүгін біз шетелдік мамандарды атап айтсам, "Арсенал-Киев" футбол клубының президенті зораатиялық Ивица Пирич пен  "Арсенал-Киев" футбол клубының спорт директоры Владимир Рибичті өңірімізге арнайы шақырттық," - деді Ералы Тоғжанов.

Меморандум аясында екі жақты келісімге келіп, алда атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Нақтырақ айтсақ, футболшыларды арнайы бағдарламамен оқытып дайындау, футболды бұқаралық сипатта дамыту және маркетинг саласы бойынша бірлесе жұмыс жасауды қолға алу керектігі айтылды. Сонымен қатар, медицина, ғылыми-техникалық тағы да басқа бағыттар бойынша тәжірибені арттыру көзделген. 

           Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз  қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы