Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда жаңа балабақша ашылды
Добавлено: 25.07.2018
Изменено: 25.07.2018
Просмотров: 1883

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жаңа балабақшаның ашылу салтанатына қатысты.

240 орындық бөбекжай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында жүзеге асты. 35 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, «Монтессори», логопед, акт және музыка залы қарастырылған.

-Елбасымыз «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деген болатын. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқартуды басты мәселелердің бірі етіп көтерді. Сондықтан біз өңірімізде балабақшалар салу мәселесіне аса назар аударып келеміз. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 балабақша ашылады. Бүгін соның бірі жұмысын бастады. 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1120 орындық тағы 4 балабақша саламыз, деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Ағымдағы жылы  2895 орындық 24 балабақша пайдалануға беріледі. Балабақша ашуда  облыс кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қазірдің өзінде 714 орындық 10 жекеменшік балабақша  ашылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы