Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Алты құлаш әулие» қорымының маңынан жаңа заманауи үлгідегі мешіт салынады
Добавлено: 27.08.2018
Изменено: 27.08.2018
Просмотров: 1856

Ақтау қаласының 17 шағын ауданында орналасқан  «Алты құлаш әулие» қорымының маңынан жаңа заманауи үлгідегі мешіт салынады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары және бір топ ғалымдармен бірге аталмыш тарихи-мәдени нысанның басына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жаңадан бой көтеретін ғибадат үінің жобасы талқыланып, мамандар жан жақты ұсыныстарын ортаға салды.

«Тарихы тереңде жатқан қорымның айналасы алдағы уақытта көпшілік зиярат етіп, рухани-имандылық азық алатын ортаға айналуы тиіс. Сондай-ақ, қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасалып, негізігі туристік нысан ретінде қызмет ететін болады. Ол үшін жамағаттың демалуына ыңғайластырылып, мешіттің айналасы абаттандырылуы тиіс»,- деді өңір басшысы.

Ал, Алты құлаш әулие мазары сол қалпында сақталады. Тек айналасындағы қоршаулары жаңартылып, халқымыздың тарихы мен тағылымын танытатын кесенеге айналады. Белгілі археолог Андрей Астафьевтің дерегіне сүйенсек, Алты құлаш әулие Х-ХI  ғасырға жатады. 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша облыстық мәслихат шешімімен  әулиені мәдени орын қатарына кіргізген.

Естеріңізге сала кетейік, 1996 жылы Алты құлаш әулиенің сырты қоршалып, кейін ескерткіш-кесене салу ісі көтерілді. Бірақ аяқсыз қалған. Осылайша Алты құлаш әулие мазарының мәселесі 20 жылдан астам уақыт шешімін таппай, қаланың қақ ортасында қараусыз қалған қоңырқай күйде болды.Талай рет ақсақалдар қауымы құзырлы мекемелерге хат жазып, қорымды қалпына келтіру туралы өтініш берген. Бүгіннен бастап аталған алаңда жылдар бойы  жатқан қүл-қоқыстар мен құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Киелі қорым басына арнайы барған зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары батасын беріп, ақ тілектерін жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы