Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау – рухани байлықтың ордасы
Жарияланды: 17.09.2018
Өзгертілді: 17.09.2018
Қаралды: 1235

Маңғыстау өңірінде 4 күнге созылған Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.Шараның жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, фестивальдің қазылар алқасы мен ұйымдастырушылары, 8 театр ұжымының өкілдері(Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан, Татарстан, Башқұртстан - РФ) қатысты. Салтанатты кеште сөз алған Руслан Сәкеев: «Бірнеше күн бойы қазақ сахнасы саңлағының атын ардақтап, рухына құрмет көрсетуге арналған өнер мерекесі барысында Нұрмұхан Жантөрин атындағы қара шаңырақтың  төрінде  сегіз театр ұжымының кейіпкерлері көрерменмен алты тілде сырласты, мұңын шағып, ғибратты сөздерін айтты.Өнер ұжымдары өзара тәжірибе алмасты,өзара шығармашылық ынтымақтастыққа негіз қалады.  Анадолы елінен, Еділ-Жайықтың сағасынан, Сарыарқа мен Марының даласынан, Алатау мен Кавказдың баурайынан арнайы келіп, Каспий жағалауы елдерінің екінші театр фестивалінің ойдағыдай өтуіне бір үйдің баласындай барлығы ат салысты. Ежелден тату көрші халықтардың мәдениеті мен өнерінің өрісін кеңейтіп,рухани бірлігін нығайтуға фестиваль үлкен үлесін қосты деп айтуға толық негіз бар», деді.

Осылайша мыңдаған көрерменді көзайым етіп, қуанышқа бөлеген  фестивальді шетелдік қонақтар жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

  Кеш барысында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов сөз сөйлеп, театр сахнасында алғаш сомдаған рөлінен үзінділер келтіре отырып:

«Театр – шынайы өнердің, адал достықтың, рухани байлықтың ордасы. Міне, 4 күн бойы Каспий жағалауы елдерінің арасындағы достық қатынасымызды нықтай білдік деп айта аламын. Халқымыздың біртуар азаматы, ұлы актер Нұрмұхан ағамның әруағы риза болсын! Фестивальге қатысқан барлық театр ұжымдарына шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Ұлы тұлғаны ұлықтап, келген қонақтарын жылы қарсы алып, 4 күн бойы ешқайда жібермей қонақ қылған осы өлкенің басшыларына, әсіресе, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа, фестиваль өтіп жатқан театр директоры Нұрнияз Мұхановқа рахмет айтамын. Каспий жағалауы елдері театрларының мәдени-рухани ынтымақтастығының арқасында достық, жолдастық қатынасымыз нығая берсін демекпін» деп ұйымдастырушыларға қазылар алқасы мүшелерінің атынан рахметін айтты.

Сарапшылар алқасының шешімімен Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестиваліне қатысқан барлық театр ұжымы үздік өнер көрсеткендері үшін арнайы дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ, театр сахнасында төрт күн бойы тамаша қойылымдарын ұсынып, бір-бірімен тәжірибе алмасқан өнер ұжымдарына «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының естелік сыйлықтары табыс етілді.

Фестиваль барысында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртістері әзірлеген концерттік бағдарламасы ұсынылды.

      Халықаралық деңгейдегі үлкен мәдени шара өз мәресіне жетіп, Маңғыстау – рухани байлықтың ордасы екенін тағы бір дәлелдеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

   


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы