Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Салықтан қашқаның – халықтан қашқаның»
Жарияланды: 21.09.2018
Өзгертілді: 21.09.2018
Қаралды: 2004

«Салықтан қашқаның – халықтан қашқаның»

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін орындалу қорытындылары бойынша кеңейтілген  кеңес өтті. Басты мәселе – салықтан жалтарған салық төлеушілер мен облыс аумағында бюджетке қосымша кіріс көздерін табу жайында болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы: «Салық – халық қазынасы» дегендей заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу әр азаматтың борышы екенін ескертті. Өйткені қазіргі күні өңірдегі өзекті мәселенің бірі ел қазынасына тиесілі салыққа салықтөлеушілердің немқұрайлығы деді.  

Жиында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов  мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін орындалу қорытындылары бойынша баяндады.

Ол өз баяндамасында жергілікті және республикалық бюджеттердің кіріс бөлігін орындау мәселелеріне тоқталып, Маңғыстау облысы бойынша 2018 жылдың қйыркүйек айына дейінгі деректермен бөлісті.

Жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспар 88,9% орындалды (жоспар 103 168,6 млн.теңге болса, іс жүзінде 91 683,3 млн. теңге түсті, 11 485,3 млн. теңге орындалмады). Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке күтілетін түсімдер 132 915,5 млн.теңгені құрайды, бұл бекітілген жоспардан 7 042,9 млн. теңгеге немесе95,0% – ға аз (жоспар-139 958,4 млн. теңге)

Данияр Жаналинов өз баяндамасында шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты, атап айтқанда ірі сауда үйлері, Ақтау қаласының базарларына қатысты мәселені атап өтті. Сонымен қатар,  жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органдарда ескерілмеген ірі жеке үйлер мен коттедждердің мүлік салығы мен жер салығы туралы олқылықтарды ортаға салды.

Сондай-ақ ол, еңбекақы төлеу қорын жасыратын және қызметкерлер бойынша ең төменгі жалақыны көрсететін салық төлеушілер бойынша атқарылған жұмыстарды ұсынды, шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды тұлғалардың жеке табыс салығын төлеуден жалтару, сұйытылған газбен бөлшек сауда нарығында салық төлеу мәселелерін көтерді, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемнің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша, меншігінде көлік құралдары бар заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке тұлғалардың берешегі туралы және оны өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының жұмысындағы проблемалар туралы, мұнай мен газ өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар таратуға берген мұнай шламдары мен бұрғылау қалдықтарының мөлшері туралы мәліметтерді алу кезіндегі мәселелер бойынша көлік құралдарына салынатын салықты төлеуден жалтару жөнінде  жүргізілген жұмыстардың нәтижелері айтылды.

Кеңесте көтерілген мәселелерді ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов барлық уәкілетті органдарға, қала және аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Салықтан жалтарған немесе жалған дерек көрсетіп мемлекеттік төлемнен жалтарған жеке және заңды тұлғаларға арнайы тексеріс жүргізіп, бір ай бойы құзырлы органдарға рейд ұйымдастыруды тапсырды және тұрғындарға өз еркімен азаматтық борышы ретінде өз еркімен салық төлеуге шақырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы