Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясына 20 жыл
Жарияланды: 21.09.2018
Өзгертілді: 21.09.2018
Қаралды: 871

«Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясына 20 жыл

Бүгін Маңғыстау облысының  әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының 20 жылдық мерекелік шарасына қатысты.

Іс-шара барысында компания қыметкерлері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ,  «Kazenergy» қауымдастығының төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС медалімен марапатталады. Жиында сөз алған өңір басшысы Ералы Тоғжанов: «20 жыл ішінде Қазақтеңізкөлікфлоты кемелерімен Каспий және басқа да ашық теңіздерде 100 миллионнан аса мұнай тасымалданды. Қашаған жобасы бойынша Компанияның қызмет көрсету флоты жасанды аралдар құрылысына арналған 6 млн. тоннадан астамтас өнімдері тасымалдады», - деді.

Компания кірісі 272 миллиардтан астам теңгені құрап, еліміздің бюджетіне 6 миллиардтан астам теңге корпоративтік табыс салығын аударды.

Қазақтеңізкөлікфлотының өз қызметінде заманауи ұйымдастыру әдістері мен теңіз көлік-логистикалық үдерістерді басқаруды басшылыққа алатынын қуанышпен айтқым келеді. Бұл флоттың кемелер мен олардың экипажының жұмыстарын тиімді пайдалануға негіз және отандық теңіз сауда кеме қатынасы саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда теңіз білімін, экономиканы дамыту және аумақтың экологиялық қауіпсіздікті сақтауда жауапкершілігі жоғары. 

Әлеуметтік жауапкершілік – Қазақтеңізкөлікфлоты қызметінің тағы бір елеулі бағыты екенін атап өтті.

 «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 04 желтоқсандағы №1239 қаулысымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі №462 қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы мәртебесі беріліп, оның осы мәртебесіне сай жағдайы бекітілді.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС негізгі қызмет бағыттары:

-  флотты қауіпсіз және сенімді басқару;

-  ұлттық теңіз сауда флоты мен сервистік флотты дамыту;

-  Каспий маңындағы өңірлерде  сияқты одан тысқары жерлерде теңіз тасымалының рентабельдігін арттыру.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС стратегиялық мақсаты:

-  теңіз арқылы тасымалдауда және теңізде КСШ барлауда мемлекеттік қатысу үлесін ұлғайту;

-  сауда мақсатында теңізде жүзу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

-  сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық ынтымақтастықты бекемдеу.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы