Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда  500- ге  жуық  отбасы баспаналы болды
Жарияланды: 21.09.2018
Өзгертілді: 21.09.2018
Қаралды: 986

Маңғыстауда  500- ге  жуық  отбасы баспаналы болды

   «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 500 отбасына жаңа пәтерлер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға Маңғыстау облысының әкімі  Ералы Тоғжанов,  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары  Руслан Кәкім қатысты.

  Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесі қарсаңында кезекте тұрған 478 отбасына: 161 бір бөлмелі, 237 екі бөлмелі  және 80 үш бөлмелі пәтер кілттерін табыстады. Жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы  26 122,4 шаршы метр. Пәтерлер таза әрлеуден өткен. Олардың барлығында  қажетті коммуникациялар мен газ плитасы және сантехника орнатылған. Жаңа тұрғын үй Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасының «Сатып алумен жалға беру» бағыты аясында жүзеге асып отыр.

  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен бірге салынатын ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қойылуда. Осыған орай үкіметке, жергілікті атқарушы билік органдарына халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу бойынша үлкен салмақ салынып, жауапкершілік жүктелді. Бүкіл еліміздегі сияқты, қазір бұл бағыттағы нақты жұмыстар Ақтау қаласында да іске асырылып жатыр.Ақтау қаласындағы жаңа шағын аудандарды игеру, барлық инфрақұрылымымен жаңадан үйлер тұрғызу, мұның барлығы да түптеп келгенде әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстардың нәтижесі»,-деді Ералы Тоғжанов.

  Ақтау қаласында «Сатып алумен жалға беру» бағыты бойынша бүгінге дейін жалпы ауданы 56664,9 шаршы метрді құрайтын 986 пәтері пайдалануға берілді. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы үшін қазақстандықтардың, бірінші кезекте, халықтың ең осал топтары – көп балалы және толық емес отбасылардың, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, жетімдердің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру басымырақ. Бұл Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылған біздің ортақ ісіміз. Бізге жауапты миссия жүктелді және біз ортақ күш-жігерімізді біріктіре отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдей алдық», -деп атап өтті Руслан Кәкім.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы