Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауға үлкен футбол қайта оралды
Жарияланды: 22.09.2018
Өзгертілді: 22.09.2018
Қаралды: 1017

Маңғыстауға үлкен футбол қайта оралды

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигасының «Каспий» және «Қайрат А» футбол командаларының арасындағы 28 тур ойыныөтті. Ала допты сағынған жанкүйерлер үш мың орындық стадионға лық толды. Маңғыстау командасын қолдау үшін облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған мемлекеттік қызметтершілер, зиялы қауым өкілдері қатысты. Күрделі жөндеуден өтіп, стандартқа сай қайта жаңартылған "Жас қанат" стадионының ашылуында өңір басшысы сөз алып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

«Соңғы 3 жылда біздің команда белгілі себептерге байланысты «үйде» өткізетін ойындарын Шымкент қаласында өткізіп, Маңғыстаулық футбол жанкүйерлері өз командасын көре алмайтын жағдайға келді. Былтыр спортшыларға берген уәдеміз бойынша, бүгінгі күні «Жас қанат» стадионының футбол жабындысы ауыстырылып, қалыпқа келтірілді. Жоғары деңгейде футбол ойындарын өткізу үшін барлық жағдайы жасалынды. Бұның барлығы жергілікті кәсіпкер, құрылысшы азаматтардың демеушілігімен атқарылар ауқымды шара. Сондықтан қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс айтамын. Маңғыстау футболындағы оң өзгерістер жалпы команданың психологиялық ахуалына әсер етті. Нәтижесінде командамыздың ойын өрнегі де оң бағытта өзгерді», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ ол, "Каспий"клубына су жаңа автобустысыйға тартты. Араға жылдар салып, үлкен футболмен қайта қауышқан жанкүйерлермерекелі кештің куәсі болды. Каспий клубының ойыншылары алғашқы болып, есеп ашса, екі таймның қорытындысы бойынша  3-3 есебімен аяқталды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы