Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтау қаласының  55 жылдық мерейтойына орай  «Аламан бәйге» ат жарысы өтті.
Жарияланды: 22.09.2018
Өзгертілді: 22.09.2018
Қаралды: 1030

Дүбірлі додада  еліміздің батыс өңірінен  және облыстың түкпір-түкпірінен келген 70-тен аса жүйрік бақ сынады. Шара аясында тай жарысы-6 шақырым, аламан бәйге -24 шақырым,  топ бәйге -16 шақырым жарысы өтті.  Қыз қуу, қазақша күрес ұлттық ойындарыда  да көрермендер көңілінен шығып, ерекше ықыласпен қабылданды.

  Шарада сөз  алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналғанды қаланың мерейтойымен құттықтап,  аламан бәйгенің қазақ халқы үші  орны ерекше екенін  атап өтті.


"Бүгін міне, салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене шынықтыру мен спорттың насихаттауына бағытталған ат жарысы өтуде.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының  саясатының негізгі басымдықтарының бірі бұқаралық спорттың кешенді түрде дамуы болып табылады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары салауатты өмір салтын насихаттауына , денсаулықтың нығайуына , ұлттық салт-дәстүрдің жаңғыруына, сонымен қатар ҚР спортшыларының жоғары деңгейде дайындалуына өз септігін тигізеді. Жүрегі ат дүрсілімен бірге соққан әрбір қазақ баласы үшін халқымыздың ең сүйіктісі, ең қызу спорт түрі- алыс қашықтықтағы аламан бәйгенің орны ерекше.  Бәйге – ұлттық спорттың ішіндегі ең маңыздысы. Жылқы болған жерде бәйге де бар. Қазақтың дүлділ ақыны Ілияс Жансүгіров айтқандай, «жанына халқымыздың жылқы жаққан...» дегендей бүгінгі сәйгүліктер жарысына қатысушыларға сәттілік тілеймін", деді Ералы  Тоғжанов.


  Жарыс қорытындысы бойынша топ бәйгеде озашапқан шабандозға «LADA» автокөлігінің табыс етілсе, топ бәйгеде шашасына шаң жұқтырмаған шабандозға ниссан  автокөлігі тапбысталды.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы