Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда  Халық спорты ойындары басталды
Жарияланды: 22.09.2018
Өзгертілді: 22.09.2018
Қаралды: 1248

 Ақтау қаласының 55жылдық мерекесіне орай облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіүшін VI Халық спорты ойындарының ашылу рәсімі өтті.

«Спорттық сайыстардың басты мақсаты – Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауынан сәйкес еліміздегі бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау.. Біздің алдымызда биік мақсаттар мен жоспарлар тұр. Барлық деңгейдегі командалардың кәсібидеңгейін көтеру мақсатында спорттық ұйымдардыкөбейту, облыстың құрама командаларының әзірліктерін қалыптастыру.Спорт секциялары мен аула клубтарын күшейтуді жалғастырамыз», - деді  облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Халық спорты ойындарына Республикамыздыңбарлық өңірлерінен 2 мыңға жуық спортшылар қатысуда. Халықтық спорт ойындары 1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет Астана қаласында өткізілген болатын. 4 жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес, салауатты өмір салтын серік еткендер өнер көрсетеді.

Спортшылар атап айтқанда волейбол, стритбол, шағын футбол, жағажай волейболы, үстел теннисі, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, президенттік көпсайыс, стрит воркаут, спорттық бағдарлау сынды спорттық сайыстардың 13 түрінен бақ сынайды. 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы