Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда үздік ұстаздар  марапатталды
Жарияланды: 06.10.2018
Өзгертілді: 06.10.2018
Қаралды: 908

Ақтауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен ұстаздар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Шара барысында өңір басшысы 2 мұғалімді «ЫбырайАлтынсарин», 5 мұғалімді «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапаттады, тағы 7 ұстаз облыс әкімінің алғыс хаттарыналды.  Сондай-ақ, Маңғыстауда екінші реет өткізіліп отырған «Білім үздігі-2018» конкурсының марапаттау рәсімі өтті. 18 номинация бойынша 142 мұғалім, 20 білім ұйымы қатысты. 12 номинацияға 500 мың теңге, «Жыл мұғалімі» номинациясына және 5 білім ұйымына 1 миллион теңге сыйлықақы табысталды. Ал "Жыл мұғалімі" финалистіне өңір басшысы тосынсый ретінде қосымша 500 мың теңге сыйақы тағайындады. Биылғы жылдың үздік ұстазы Жаңаөзендік Раметулла Злиха атанса, ақтық сынға дейін жеткен есім  Тілектес Серікбайқызы болды.

Облыс әкімі Маңғыстау халқының бірнеше ұрпағын тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін білім қызметкерлері мен ардагерлеріне алғысын білдірді. Ералы Тоғжанов күні кеше Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мәселелерін қамтыған жаңа Жолдауын халыққа жариялағанын атап өтті.
«Келесі жылы «Педагог статусы туралы» Заң қабылдау жөнінде тапсырмабергенінбарша ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады. Бұл – педагогтар үшін ерекше қамқорлық пен қолдау депбілеміз. Білім саласына, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше көңіл бөлу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою, оқушы орнының тапшылығын азайту мақсатында республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға 50 млрд. қаржы бөлу жөнінде айтылды», - деді өңір басшысы. 


Биыл облыстық білім саласындаауқымды шаралар атқарылды. Бір жылдың өзінде облыста 9 мектеп іске қосылып, халықтың игілігіне берілді. Ақтау қаласындағы №29 жаңа білім ордасы смарт-мектеп болып ашылды. ОндаSTEM-лаборатория,смарт-жылыжай, галографикалық ақпараттандыру бұрыштары, чип арқылы оқушылардың мектепке келіп-кетуін қадағалау жобалары енгізіліп, облыс мектептерінде 17 ІТ сыныбы, 25 жылыжай ашылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін педагогтардың 75 пайызы біліктілігін арттыруға, облыс мұғалімдерінің 80 пайызының жалақыларына үстем ақы қосылды.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы