Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда  алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды
Добавлено: 18.10.2018
Изменено: 18.10.2018
Просмотров: 657

Маңғыстауда  алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов электромобильдеріне арналған алғашқы электр қуаттандыру станциясының ашылу салтанатына қатысты. Есеновуниверситетініңбас корпусының алдында орнатылған 2 Станцияаталмышоқуордасыныңғалымдарының еңбегімен жасақталған. Олардың толық зарядтау циклі небәрі 3 сағатты құрайды. Электромобильдеруниверситеттің ішкі пайдалануы үшін алынған. 

Сондай-ақ, блыс әкімі YessenovUniversity қабырғасында өткен "I Халықаралық Есенов оқуларына" қатысты. Іс-шараға 2007 ж.Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра университетінің (Малайзия) коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының, компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры Мохамед Бин Отман құрметті қонақболып қатысты.

Есенов оқулары "Рухани жаңғыру" бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізіледі. Студенттер мен жас ғалымдар үшін "Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика", "Каспий конвенциясы: аймақтың саяси-құқықтық даму үрдістері" және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар университет студенттері үшін "Yessenov University үздік стартап жобасы" байқауы өтеді.

Шара барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орнының студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақтарды Интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістің орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов ситуациялық  орталықты аралап көрді. Оған студенттердің сабаққа қатысымы туралы, олардың үлгерімі туралы барлық ақпарат шығарылады әрі оқу орнының барлық ғимараты бойынша орнатылған 400 камераның көмегімен университеттің қауіпсіздігі бойынша жағдай бақыланады.

"I Халықаралық Есенов оқуларының" екінші күні мұнайшы-геолог Халел Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері және "Yessenov University үздік жас ғалымы "атты байқау өтеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы