Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
 Маңғыстау облысының әкімі қоғам белсенділерімен кездесті
Жарияланды: 23.11.2018
Өзгертілді: 23.11.2018
Қаралды: 755

Кездесу Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс – қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар аясында өтті. Бұған дейін де былтыр 40-қа жуық қоғамдық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бас қосып, 48 сұрақ қойылған. Олардың 43-і бүгінгі күнге дейін шешімін тапса, қалған 5 сұрақ ұзақ мерзімді.

Осымен екінші рет өткен кездесуге отыздан аса адам келді. Аймақ басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлерді қолдау, облыстағы жол құрылысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, Тұщықұдық, Ақшымырау, Қызан, Ұштаған және Шайыр кенттеріндегі жолдардың жөнделіп жатқанын, ал Ақтау-Жаңаөзен жолын жөндеу келесі жылдың қазан айында аяқталатынын айтты. Кездесу барысында барлығы 40-тан астам сұрақ қойылды.

  «Өркениетті келешек» қоғамдық бірлестігінің директоры Гүлбаршын Қарабалина, облыс басшысына 7-20-25 бағдарламасы туралы сұрақтар қойылды. Ералы Тоғжанов, қазіргі таңда Маңғыстау облысы республика бойынша осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 3 орында тұрғанын айтып өтті: «Бүгінгі таңда 200-ден астам пәтер берілді.  Сонымен қатар, біз бастапқы жарнаны 20-дан 10% - ға дейін төмендету бойынша жаңа бағдарлама әзірледік. Барлық банктер, бізді қолдап отыр»-деді облыс басшысы.

Сондай-ақ еліміз  бойынша маңызды - тарифтердің мәселесі талқыланды. Маңғыстауда электр энергиясын тасымалдау тарифі 187 мың адамды қамти отырып, 26% - ға төмендеді. Ал, электр энергиясын өндіру бойынша 8% - ға 670 мың адамды қамтумен.

  "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директоры Никар Рафикова тұрмыстық газ бағасы төмендетілген, бірақ Ақтау тұрғындары үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалымен әлі де қаралып жатқанын атап өтті.

«Тарифтерді төмендету мәселесі оңай емес. Тарифтерді тиісті министрліктер белгілейді. Осы мәселелерді көтердік. Олардың көпшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне енгізілген. Барлық мәселелер бойынша министрліктер хабардар», - деді Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту. Қоғам белсендісі Жәнібек Қожық, Ауыл тұрғындары үшін әсіресе күзгі-қысқы кезеңде шаруалар үшін жем-шөп  мәселесі аса өзекті екенін жеткізді.

«Биыл Маңғыстауда мал басының  12% - ға өсуі тіркелді. Сондықтан, әрине, мал азығы мәселесі біз үшін әрқашан бірінші орында болады. Биылғы жылы 35 бригада шөп дайындау жұмыстарын жүргізіп, 45 мың тонна шөп дайындалды. Сондай-ақ, өңірге 800 тонна мал азығы жеткізілді. Облыс бойынша жем-шөп дайындаудың жалпы жоспарын әзірлеу мақсатында әр аудан үшін жылына қажетті жем-шөп санын санау туралы тапсырма берілді», - деді әкім Ералы Тоғжанов.

«Алас құқықтық қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Ирина Проняева мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсететін жеке көмекшілердің жұмысын қосымша қаржыландыру қажеттілігін және олардың жүріп-тұруы үшін арнайы автокөліктердің жетіспейтінін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова жергілікті бюджеттен жеке көмекшілерге қосымша қаражат бөлінгенін атап өтті. Ал, «Инватакси» мәселесі әлі толық шешілмеген. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс бойынша қажетті арнайы көліктердің нақты санын санауды тапсырды.

Қоғам белсендісі Киікбай Жақыпұлы  Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы  қиыршық тас өндіру карьерлерінің кейбірі экологиялық талаптарды орындамай отырғанын жеткізді.

«Бір ай бұрын арнайы жұмыс тобы құрылып, карерлердің басына рейд ұйымдастырылған болатын. Тексеру нәтижесі бойынша кейбір кәсіпорындар заңнама талаптарын орындамағандығы анықталды. Оларға барлық заңбұзушылықтарды жою туралы тапсырмалар жүктелді.  Сондай-ақ осы кәсіпорындардың басшыларына қатысты тиісті шаралар қабылданады. Болашақта Шетпедегі экологиялық жағдай жер қойнауын пайдалану туралы келісіммен белгіленген міндеттемелер мен экологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін тұрақты бақылауда болады», - деді әкім Ералы Тоғжанов.

Киікбай Жақыпұлы көтерген тағы бір мәселе тұрғындар мен мемлекеттік мекемелер арасында байланыс. «Халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге немесе мәселені түсіндіру үшін аудан, ауыл әкімдері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың басшылары әлеуметтік желідегі белсенділікті арттырып, парақшалар ашуын, ал ашылған аккаунтардың жұмысын күшейту керектігін жеткізді». Облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Мен барлық деңгейдегі басшыларға әлеуметтік желілерде ресми парақшалар  ашуға, олардың ведомстволары мен аудандарының барлық өзекті мәселелерін бақылауға және жауап беруге тапсырма бердім. Және бұл жұмыстарды қадағалау облыс әкімінің баспасөз қызметіне жүктеледі» деді.

Саясаткер Ербол Еділов Маңғыстауда футболды қаржыландыру және одан әрі дамыту мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

«Біздің міндетіміз – Маңғыстауға футболды қайтару болды. Біздің футболшыларымыз облыстан тыс жерлерде, басқа алаңдардла ойнады.Сондықтан,  біздің тұрғындар өз командаларының ойынын көре алмай жүрді. Біз клубтың жұмысын күшейту үшін жаттықтырушыларды, футболшыларды шақырдық. Қазіргі кезде  Маңғыстаудың екі баласы Киевтік  Асеналда ойнап жүр. Биыл бірінші лигада боуды жоспарладыұ және оған қол жеткіздік.  Футболшыларымыз облыс намысын ел біріншілігінде қорғау үшін, қаржыландыру мәселесін де шешетін боламыз. Алдағы уақытта  біздің футбол клубымыз  Қазақстанның жоғары лигасында болуы керек. Алдымызда осы  маңызды міндет тұр».

Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне барлық айтылған сұрақтарға жауап беруді, соның ішінде оларды БАҚ-та және әлеуметтік желілер арқылы жариялауды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы