Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Кадрлық ауыс-түйіс
Жарияланды: 30.11.2018
Өзгертілді: 30.11.2018
Қаралды: 750

Бүгін облыс әкімдігінің аппараттық жиында жаңа тағайындаулар болды. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов  Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қарабалаев Нұрбек Жұмабекұлын және Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының ретінде Салимов Жандос Нұржанұлы тағайындады.

Нұрбек Жұмабекұлының «құқықтану», «дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандықтары бойынша білімі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери қызметтен бастаған.

2013 – 2017 жылдар аралығында «NAIZA FIGHTER» кәсіпқой спорт клубы» Қоғамдық бірлестігінің Панкратион бойынша Маңғыстау құрама командасының аға жаттықтырушысы, кейін осы Қоғамдық бірлестіктің басшысы, Маңғыстау облысының парус бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қаңтар - қараша айлары арасында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы басқарманың басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жандос Нұржанұлы «техник-технолог» және «заңгер» мамандықтарының иесі. Оның құрылыс және энергетика саласы бойынша басшы лауазымдағы тәжірибесі жеткілікті.  

Батыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметерінде болды.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы