Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Каспий» футбол клубының алдағы мақсаты премьер лигаға шығу
Жарияланды: 30.11.2018
Өзгертілді: 30.11.2018
Қаралды: 685

«Каспий» футбол клубының алдағы мақсаты премьер лигаға шығу

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Каспий» футбол клубының өкілдерімен кездесті. Футбол клубының басшылығы мен бапкерлер құрамы футбол маусымынң қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

«Каспий» футбол клубы «Арсенал Киев» командасымен меморандумға қол қойып, Маңғыстаулық екі ойыншы украиналық футбол клубында тәжірибеден өтуде.

 «Жастар арасында футбол спортын кеңінен насихаттау мақсатында ашық есік күнндерін өткізді. Оған 300 жас спортшы қатысты. Балалар арасында «CaspyCup» турнирі өткізілді. Футбол орталықтары мен академиялар арасында өткен Қазақстан Республикасы біріншілігінің ақтық сайысында жас маңғыстаулықтар 3 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар биыл жөндеуден өткен «Жас қанат» стадионында алғаш рет «Каспий» футбол клубы өз алаңында «Қайрат А» командасымен ойын өткізіп, ойынға 3200 көрермен қатысты. Осындай көрермендер 2001 жылдан бері болмаған. Нәтижесінде «Каспий» футбол командасы көрермендердің ойынға келуі жағынан Бірніш лига командалары арасында 2 орынды алды» - деді «Каспий» футбол клубының даму бойынша менеджері Владимир Рибич.

Биылғы жылы Маңғыстаулық футбол клубына шетелдік мамандар келді. Клубытың жаңа басшылары жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруды көздеп отыр. Бұдар басқа кездесу барысында облыстың футбол инфрақұрылымының жағдайы туралы айтылды. Ақтауға қосымша бір стадион және жаттығу үшін футбол базасы қажет. Сонымен қатар футбол спортын насихаттау үшін маркетингтік жұмыс қажет. 2018 жылдың аяғына дейін лкбу басшылығы Маңғыстау облысының балалар құрамасын құрып, барлық жаттықтырушылар үшін семинар өткізіп, балаларға арналған «Болашақ чемпиондар лигасын» ұйымдастырып, мектеп оқушыларына арнап промо-акциялар ұйымдастыруды көздеп отыр. 

«Келесі маусымда мен алдарыңызға Қазақстанның Премьер-лигасына шығуды міндеттеймін. Футболшыларды байқап, оқу жаттығу жиындарын өткізіңіздер. Маңғыстауда жаттығу базасын құру, балалар үшін халықаралық турнирлер өткізу, Қазақстанның футбол орталықтары мен академиялар арасында турнирлер өткізу, дарынды балалар үшін стипендиялар тағайындау және ребрэндинг өткізу туралы ұсыныстар бойынша оң шешімін табуға ықпал етеміз» - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстау облысының баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы