Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Жаңаөзеннің 35% тұрғыны экономикалық тұрғыдан белсенді
Жарияланды: 28.12.2018
Өзгертілді: 28.12.2018
Қаралды: 1796

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Бүгін "Моноқалалардың 2020 жылға дейінгі дамуы" бағдарламасын іске асыру аясында жаңа өндірістік алаңның ашылу салтанаты өтті.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы Президент Жолдауын іске асыру аясында жасалған және "Аймақтарды дамыту", "Бизнестің жол картасы 2020", "Еңбекпен қамту бағдарламасы 2020" бағдарламалары аясында өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша атқарылатын іс-шаралардың бірі. Бағдарламаның мақсаты- экономиканы диверсификациялау мен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуы.

Жоғарыда аталған өндіріс алаңында Жаңаөзен кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасалады. Мұнда оннан аса өндіріс объектісі орналасады деп жоспарланып отыр.

"Өндіріс алаңының құрылысы 2013 жылы "Моноқалаларды дамыту 2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында басталды. Мақсаты-өнеркәсіптік тауар өндіретін кіші және орта бизнес объектілерін бір жерде тоғыстыру болатын. Жаңаөзенде кіші және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда қалада 8484 кәсіпкеп тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш  121% өскен. Кәсіпкерлік саласында 21972 адам жұмыспен қамтылған. Бұл дегеніміз, Жаңаөзен xалқының 35% экономикалық тұрғыдан белсенді. Бұған "Нұр капитал" бағдарламасының да қосар үлесі зор.Жаңаөзеннің 40-қа жуық жеке кәсіпкері өз жобаларын қорғап, алдағы уақытта 1%-бен қаржыландырылатын болады. Нақты айтатын болсақ, 7 жоба қаржыландырылды, 8-і қарастылуда, 23-і құжаттары дайындалу үстінде.  Бұл жобалардың іске асырылуы қосымша 495 жұмыс орнын қамтамасыз етеді" - деді облыс әкімі Е. Тоғжанов.

Өңір басшысы салынып жатқан "Бейбітшілік" тұрғын үй кешенін аралап көрді. Биыл мамыр айында Жаңаөзенде 5 қабатты төрт үйдің құрылысы басталған болатын. Қосымша тағы да төрт үйдің негізі салынып қойды. Жоба бойынша мұнда 1376 пәтерлік 23 үй тұрғызылмақ. Құрылыс толықтай 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады. Құрылысы біткен жаңа пәтерлерге үй-жайы жөндеуге келмейтін тұрғындар көшіріледі. Тұрғын үй кешені  инвесторлардың қаражатына салынуда.

Сонымен қатар өңір басшысы 125 орындық балалар ауруxанасының жұмысымен танысып, "Бизнестің жол картасы 2020", "Нұр капитал" аймақтық бағдарламасы арқылы және инвестор қаражатына салынған "Сеза мед" медициналық орталығында болды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы