Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда биыл туризм бағытында 4 жаңа нысан іске қосылмақ
Жарияланды: 20.02.2019
Өзгертілді: 20.02.2019
Қаралды: 981

2018 жылы Маңғыстау облысында шағын және орта бизнестің дамуы оң динамиканы көрсетті. Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 126 288 адамға жетті, олар жалпы сомасы 792 млрд.теңгеге өнім шығарды. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов халықпен есепті кездесуінде айтты.

Осылайша, кәсіпкерлер 2,2 миллиард теңгеге шағын несие алды. "Бизнестің жол картасы - 2020"бағдарламасы аясында 210 жоба 1,5 млрд.теңгеге субсидия алды. "Нұр Капитал" аймақтық бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер 3,6 млрд.теңге 200 жобаны қарады. Оның ішінде 60 жоба жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Бұдан басқа, 9 жолдың торабында орналасқан Маңғыстау орталық көліктік-логистикалық торапқа айналады. Шетпе - Бейнеу, Қияқты - Тұщықұдық жолдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, биылғы жылы 2 жаңа жоба (50 км) іске асырылатын болады: "Ата Жолы" жолы және Басқұдық елді мекенінен Халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі жол. Құрық портының бірінші кезегі іске қосылды. 2018 жылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 1,8 млн. тоннаны құрады.

Облыс дамуының тағы бір маңызды саласы – туризм. Өткен жылы Қазақстан мен шет елден 191 мыңнан астам туристер өңірге барды. 2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеге 1,7 км жағалауды жайластыру бойынша үлкен жоба іске асырылды. Сонымен қатар, осы жылы наурызда «Туризмді дамытудың  2019-2023 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 27 млрд. теңгеге ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылмақ. Биыл туризм бағытында 4 жаңа нысанды іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, облыста инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. 2018 жылы ауылдық жерлерде ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 64% - дан 69% - ға дейін артты. Биылғы жылы бұл көрсеткішті 75% - ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 8 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, өткен жылы "Каспий"су тазарту станциясын қайта жаңартудың бірінші кезеңі аяқталды. Осыған байланысты Мұнайлы ауданы мен Құрық ауылы ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, Құрық ауылында инвесторлар қаражатына қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тазарту станциясының құрылысы басталды. Қазіргі таңда Кендірлі қаласында қуаты тәулігіне 100 000 текше метр осындай зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау мен жеке инвестицияларды тарту арқасында өңірде тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жоғары қарқыны байқалады. Мәселен, 2018 жылы Маңғыстауда алғаш рет 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өз кезегінде 1 шаршы метр тұрғын үй құнының орташа есеппен 170 мың теңгеге дейін төмендеуіне ықпал етті.

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктер 2,1 млрд.теңге сомаға 262 өтінім мақұлдады. Бұл 6 мыңнан астам пәтер, олардың басым бөлігі "7-20-25"бағдарламасы бойынша сатылатын болады.Сондай-ақ, өңірдің экономикасын дамыту үшін баламалы энергия көздерін енгізу маңызды.2018 жылдың 1 мамырында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында құны 1,2 млрд теңге болатын қуаты 2 МВт күн электр станциясы іске қосылды. Ағымдағы жылы Ақшұқыр ауылында қуаты 5 МВт жел электр станциясын іске қосу жоспарлануда. Форт-Шевченко қаласында қуаты 43,6 МВт жел электр станцияларын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Түпқараған ауданында қуаты 42 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы