Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда «Бірыңғай әлеуметтік терезе» өз жұмысын бастады
Жарияланды: 06.03.2019
Өзгертілді: 06.03.2019
Қаралды: 466

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы мен облыс әкімдігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Халыққа көмек» жобасын іске асыруға кірісіп кетті. Аталған әлеуметтік орталықтың басты мақсаты - тұрғындарға  жәрдемақы, жұмысқа орналасу, тұрғын үйге кезегіне тұру, бизнес-жобаларды қолдау бойынша құқықтық және консультациялық көмек көрсету. «Бірыңғай әлеуметтік терезе» орталығы Ақтау қаласы, 35 шағын ауданындағы «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында орналасқан.  Онда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, құрылыс, білім беру, кәсіпкерлік және сауда, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, сұрақтарына жауап береді.  Ең бастысы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек балалары бар отбасылардың өтінішіне жедел түрде әрекет етіп, оларға мемлекеттің қолдау шараларын түсіндіру және жәрдемдесу талабы қойылған. 

Жауапты мамандар өз жұмысын бастағаннан бері бір аптадаорталыққа 544 азамат келген. Оның 81 жұмысқа орналасу, 139 – баспана, 93- материалдық көмек, 110 – жәрдемақы, алимент бойынша – 63, соттың шешімі бойынша – 17, квота бойынша – 8, дәрі-дәрмек бойынша 27 адам хабарласқан. Сондай-ақ, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы арқылы барлық заңды және бухгалтерлік сұрақтар бойынша бизнес-жоспарлар, мемлекеттік сатып алулар және жобаларды қолдау мәселелері бойынша бастаушы кәсіпкерлерге кеңес берілуде.

«Бірыңғай әлеуметтік терезе» орталығының жұмысы

9-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14 сағатқа дейін.

Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 35-шағын аудан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимараты.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы