Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың  «Нұр-Сұлтан»  болып өзгеруін оң шешім деп бағалады
Жарияланды: 22.03.2019
Өзгертілді: 22.03.2019
Қаралды: 1614

«ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұнайгаз саласы мен көлік логистикасын жаңғыртудағы еңбегі зор». Маңғыстаулық 40 мың жұмысшының пікірі осындай. Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз. Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

​Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар.
​«Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражамбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Бозашы Оперейтинг ЛТД» сынды ірі мұнайгаз компанияларының 20 мыңдай еңбеккері Елордаға Елбасының есімін беруді құптайтындарын жеткізді.

​«Альянс ЛТД», «Оңдасын строй, «Ақжол құрылыс», «Ас құрылыс», «Макс КМ», «Ақтау строй», «Кезби», «Каспий цемент», «Қаз Азот», «Ақтау НШ», «Айком», «СМК» құрылыс мекемелері мен өндіріс ошақтарының ұжымы да еліміз үшін маңызы зор тарихи шешімді оң бағалап, қолдап отыр. «Маңғыстау құрылыс саласында 2018 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғынүй бой көтерді. Бұл Елбасының бастамасымен іске асырылған «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жемісі»,-дейді құрылысшылар.

​Ал, бизнес өкілдері киелі Маңғыстау өңіріндегі орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі мемлекет тарапынан жасалған қолдау шараларының нәтижесімен байланысты екенін айтады. «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысындағы филиалының 7 мың өкілі де астанамыздың  «Нұр-Сұлтан»  болып өзгеруін оң шешім деп бағалап отыр. "Қазақстан темір жолы" ҰК аймақтағы 5 мыңға жуық қызметкері де Тұңғыш Президенттің ерен еңбегіне алғыстарын жеткізді.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы