Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облыс әкімдігінде аппараттық жиын өтті
Жарияланды: 01.04.2019
Өзгертілді: 01.04.2019
Қаралды: 5459

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен аппарат жиынында өңірдегі бірнеше маңызды тақырыптар қаралды. Атап айтсақ, облыс бойынша алғашқы медециналық санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсару шаралары және ветеринарлық, финосанитарлық (карантиндік) мәселелері жайында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бапиев баяндады. Бапиевтің сөзінше, бүгінде облыс көлемінде бастапқы медико-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін 20 медициналық ұйым бар, оның 40%-ы (8) жеке меншік ұйымдар. Жалпы, учаскелерінің саны 446 құрайды, оның ішінде жалпы тәжірибелік дәрігерлерінің 292 учаскесі, 95 педиатриялық және 59 терапиялық учаскесі. Өңір басшысы медицина саласын білікті қадррлармен тезарада қамтамсыз етуге, дәрігерлердің үй мәселесін шешуге жауапты орган басшысына бірқатар тапсырмалар берілді. 2018 жылы  жеке-меншік бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 6 ұйым пайдалануға берілсе, 2019 жылы Ақтау (МЦ Сафия), Ақтау қалалық №2 емханасының жүгін жеңілдету мақсатында, 32 ш/а қосымша дәрігерлік амбулаториясы ашылды. 2018 жылы ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) бойынша 112 маман оқытылды деді, басқарма басшысы Бапиев.  «2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыс аумағында Құтыру ауруына қарсы күрестің санитарлық және ветеринарлық ережелеріне сәйкес, ауру ошақтарында зарарсыздандыру және сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде былтырғы наурыз айынан  күні бүгінге дейін  құтыру ауруының бірде бір оқиғасы тіркелген жоқ» деді ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев. 2018 жылы ветеринариялық іс-шаралардың бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, аса қауіпті 9 ауруға қарсы 972 150 доза вакцина егілсе, 2019 жылы 783 830 доза вакцина қолдану жоспарланған.

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы