Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ардагерлер ардақталды
Жарияланды: 07.05.2019
Өзгертілді: 08.05.2019
Қаралды: 1139

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов соғыс және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
1942 жылы әскер қатарына шақыртылғандардың бірі 96 жастағы Қамқа Үмбеталина. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде 9-шы әуе әскерінде 1-ші Қиыр Шығыс майданында ұшқыш болып қызмет еткен. Ұшаққа бомбо тиеп, оны жау жеріне тастауда ерлік көрсеткен батыр әже.
Сонымен қатар, сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес. Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда еңбек еткен жандардың бірі Оржанов Табынды. Болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге облыс басшысы жылы лебізін білдірді.
«Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін айтты.

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы