Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Құрметті Отан қорғаушылар!
Жарияланды: 07.05.2019
Өзгертілді: 08.05.2019
Қаралды: 1160

Қарулы күштер қатарында мінсіз қызмет етіп, ел қорғаны болып жүрген Сіздерді қастерлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!!!
Әрбір ер-азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті - Отан қорғау! Өйткені Отан қорғаушыға мемлекеттің, әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін сақтау, ел шебін көздің қарашығындай күзету сенімі жүктелген. Бұндай зор сенімге лайық болу, оны абыроймен атқару әр ер-азаматқа сын. Сондықтан ондай сынға тек ерік-жігері күшті, қажыр-қайраты мол, патриоттық сезімі ұшан- теңіз жандар ғана төтеп береді.
Егемен еліміздің сайыпқырандарының жаужүрек бабалар рухымен қанаттанып, ел басына күн туған сын сағатта азаматтық борышын абыроймен өтеуі, елдің тыныштығын сақтап, бейбіт күннің ашық аспанын қорғауға арнаған әрбір сағаты тарихтың мәрмәр парақтарында алтын әріптермен жазылады.
Алдыңғы буын қоғам тарапынан жасалатын қандай құрметке де, атаққа да лайық. Осыны баршамыз есте тұтып, бүгінгі мереке тұсында ардагерлерге алғысымызды аямауымыз керек.
Еліміздің айбынды әскері бүгінгі күні Қазақстан халқының игілігі жолында бейбітшілікті әуеде, құрлықта, теңізде қорғауға үлес қосып, Отанымыздың қорғанысын нығайтуда.
Бүгінгі мереке күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен береке, әрбір отбасына амандық, ынтымақ пен ырыс тілеймін. Барша жауынгерлеріміздің дені сау, рухы биік болып, сарбаздар мен қолбасшыларымыз табысты қызмет ете берсін!
Құрметпен,
Е. Тоғжанов
Маңғыстау облысының әкімі


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы