Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаулықтар жеңіс мерекесін атап өтті
Жарияланды: 09.05.2019
Өзгертілді: 13.05.2019
Қаралды: 488

Еліміз үшін ең елеулі даталардың бірі - 9-мамыр- Жеңіс күні.
Осыған орай «Мәңгілік алау» монументі ескерткішінің алдында мерекелік шара өтті. Жылдағы дәстүр бойынша "Батырларға тағзым" шеруі ұйымдастырылды. Қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқан жақындарының суреттерін ұстап шыққан 3500 астам адам орталық көшемен жүріп өтті. Мерекелік шара соғыс жылдарынан сыр шертер театрландырылған көріністер мен ән-биге жалғасты.
Сондай-ақ, мереке орай қаланың қақ ортасына шатыр тігіп, «Әскери далалық ас үй» орнатылып жұртшылық жауынгер ботқасының дәмін татты. Бір тілім нан, қарақұмық ботқасы қан майданда жауынгерге нәр беріп, қайраты мен айбатын асырған. Дәл осы астан бүгін Ақтаулықтар да ауыз тиді. ботқа 1941-1945 жылдары сұрапыл соғыста сарбаздарға тамақ пісірген далалық асханаға ұқсайтын алаңда әзірленді. Салтанатты жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов ардагерлерді мерекемен құттықтады. «Елбасы, Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты» деген болатын. Расымен де, жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Сондықтан осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміздің алдында бас ие отырып, амандық тілеймін. Сұрапыл соғыс жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді. Маңғыстау өңірінің әрбір төртінші тұрғыны қолына қару алып, майданға аттанды. Ұзын саны 6000 мыңнан астам адам Отан үшін отқа түссе, соның 4800-і қан майданда қаза болып, хабарсыз кетті.
Жеңіс сарбаздары әлі де сапта. Біздің өңіріміз бойынша 16 Ұлы Отан соғысының ардагері ортамызда жүр. Біз оларға шексіз құрмет көрсетіп, даңқын асқақтатуға тиіспіз" - деді. Сондай-ақ, облыс басшысы Таушық ауылының тұрғыны, соғыс ардагері 95 жастағы Мәмбетұлы Ибрахимге Ақтау қаласынан су жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Мәмбетұлы Ибрахим 1924 жылы туған. Майданға 1942 жылы аттанады.Қалмақ даласы мен Сталинград ұрыстарға қатысып жарақат алады. Соғыс аяқталғаннан кейін Таушықта көлік жүргізушісі болып ұзақ жылдар қызмет етеді. «1941-1945 жылдары ҰОС германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы