Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтау – Маңғыстаудың айнасы
Жарияланды: 28.06.2019
Өзгертілді: 01.07.2019
Қаралды: 1104

Аймақ басшысы Серікбай Трұмов Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовтың шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебін тыңдады. Қала әкімі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айында жүргізілген жұмыстарға тоқталып, осы уақыт аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 17,44 млрд. теңгені құрағанын мәлімдеді. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін әлі де ұлғайту үшін жұмыстар жүргізілуде. Ал жалпы ауданы 278,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. «7-20-25 ипотекалық» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 410 өтінім мақұлданған.

Сонымен қатар, жиын барысында көпқабатты үйлердегі лифтілердің мәселесі көтерілді. Стандартқа сәйкес, лифтілердің жұмыс жасау мерзімі 25 жыл болса, бүгінгі таңда екі лифтілік үйлердің бір лифтілері ғана ауыстырылған. Қауіпсіздік үшін кейбірін шұғыл түрде жөндеп немесе ауыстыруды талап етеді. Осы тұста Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов істен шыққан лифтілерді ауыстыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетінін атап өтті.

Кеңес кезінде аймақ басшысы кеңінен тоқталған тағы бір мәселе қаладағы құрылыс жұмыстары. Яғни, жаңадан бой көтеретін ғимараттарда заңға сәйкес болу, сәулетіне назар аударып, инфрақұрылым жағын бірінші ретте қолғалу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ол Ғалымжан Ниязовқа бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ, бюджет қаражатын үнемдеу және тиімді пайдалану, қала тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, қоғаммен ашық байланыс орнату мақсатында азаматтардың өтініштерін уақытылы қабылдау әрі тұрғындармен тұрақты түрде кездесетін шараларды жиі өткізуді ескертті.

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы