Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Теңге ауылына 55 жыл
Жарияланды: 04.10.2019
Өзгертілді: 07.10.2019
Қаралды: 533

Бүгін Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылының 55 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланды. Іс-шаралар барысы алдымен бірқатар жаңа нысандардың ашылу салтанатымен басталды. Алдымен ауыл кәсіпкерлерінің, өндірістік кәсіпорындардың қолдауымен салынған әмбебап спорт алаңы мен "Анаға тағзым" аллеясының лентасы қиылды. Ауыл мәдениет үйінде өткен шара сахналық қойылымнан басталды. Онда "Теңге" ауылы атауының шығу тарихы, алғашқы қоныстанушылар мен ауылдың іргесінқалаған мамандар бейнесі сомдалды.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жиылған қауымды Теңге ауылының 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыстады.

- Теңге ауылы құрылған күннен бастап, облыстың, ол кездегі «Өзен» бекетінің атпал азаматтары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жаңа ауылдың негізін қалауға айырықша ат салысты. Күндіз-түні тынымсыз еңбек етудің арқасында бағыт бағдары айқын, халқы ынтымақты елді мекен орнады. Аз уақыттың ішінде әлеуметтік-экономикасы қалыптасқан, саяси көзқарасы айқын ауылға айналды. Ауылдың гүлденуіне атсалысқан азаматтарға зор алғысымды білдіремін, - деп аймақ басшысы Серікбай Трұмов өзінің ықыласын білдірді.

Ауыл жастары мерейтой алаңында ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қошқар көтеру, күрес сынды ойындардан бақ сынады. Мерекелік шара соңы гала концертке ұласты.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы