Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Құрықта 120 пәтер кілті табысталды
Жарияланды: 18.10.2019
Өзгертілді: 29.11.2019
Қаралды: 293

Бүгін Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында жаңадан салынған 4 қабатты 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 120 пәтерлік тұрғын үй кезектегі көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жататын азаматтарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға табысталды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

- Әрбір адам үшін баспананың маңызы зор. Қарақия ауданында жаңадан салынған тұрғын үйдің орналасқан жері бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын қалашыққа айналды. Алдағы уақытта Жетібай ауылында тозығы жеткен үйлердің орнына жаңа үйлер салынатын болады. Осы орайда, сапалы және мерзімінде атқарған жұмыстары үшін мердігер компания мен құрылысшыларға алғысымды білдіргім келеді, - деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Жоба бойынша әрбір үй 24 пәтерден тұрады. Екі бөлмелі үйдің ауданы 53, 54 және 55 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет есебінен 861 млн.теңге жұмсалған.

- Бүгін мен үшін ерекше қуанышты күн. 2009 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған едім. Енді міне, жаңа пәтерге қол жеткіздік. Үлкен ризашылығымды білдіремін. Отбасымда 6 баланың анасымын. Кішісі 1 сыныпқа барады, үлкені 20 жаста, - деп көпбалалы ананың бірі Күләш Өмірзақова өзінің қуанышымен бөлісті.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы