Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Қызылсай ауылына 60 жыл
Жарияланды: 18.10.2019
Өзгертілді: 29.11.2019
Қаралды: 210

Бүгін Маңғыстау мұнайын өндірушілердің алғашқы қонысы, қасиетті қарашаңырағы деп аталып келген Қызылсай ауылына 60 жыл толып отыр. Жаңаөзеннің қала болып қалыптасуының бастауы болған ауылдың бүгінде ажары артып, шағын қалашыққа айналды. Мерекелік кешке орай мәдениет үйінде «Алтын бесік-Қызылсай» атты салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы Серікбай Трұмов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хат пен мерекелік төсбелгілер табыстады.

- 1958-59 жылдары аңызақ иен далада 20 шақты жанұя жертөлелерді қоныс қылып, мұнай өндірісінің алғашқы қарлығаштары ретінде жаңа елдімекенді өмірге әкелген болатын. Бүгінде 5500-дей тұрғынға құтты мекен болған Қызылсай ауылы – кешегі ел ырзығын абыроймен жиған аға-әкелердің, апа-аналардың маңдай терінің, ерен еңбегінің өлшемі. Өзеннің ойына су ағары жалғасып жатқан терең сайды «Құр Қызылсай», қазіргі ел қоныстанып отырған, кезінде он-он бес үй барлаушылар келіп қоныстанған сайды «Сулы Қызылсай», ал су ағары анау «Ақмолаға» қарай бағытталған сайды «Жаман Қызылсай» деп қарияларымыздың атап кеткен мекені бүгінде береке артып, түгел бір қалаға бергісіз елді мекенге айналды. Дәл осы қарашаңырақта терең білім, тума талант, ауылдың ауасымен сусындаған, ел басқарған азаматтарымыз дүниеге келген. Ендеше, Қызылсай ауылының құт-берекесі мен ажары арта берсін, - деп аймақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы