Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жарияланды: 26.06.2019
Өзгертілді: 26.06.2019
Қаралды: 400

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде№ 10886 болып тіркелген) Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3546 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған)мынадай өзерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

«Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»;

«Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында»:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан  әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

«27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»;

3 бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ағаштарды кесу, санитариялық кесу»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Ағаштарды кесу мынадай:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады;

6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.».

«Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында»:

31 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«31. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй алаңдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы  № ҚР ДСМ-29 «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 17769 болып тіркелген) қоқыс контейнерлеріне, кір кептіретін, балалар демалатын, ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.».

2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (А.М. Меңдібаев).

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы  Маңғыстау облыстық

мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

   Н. Ғұбашов  А. Қуанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы