Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары
Жарияланды: 19.08.2019
Өзгертілді: 19.08.2019
Қаралды: 284

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1.  Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың жалпы тәртiбiн айқындайды.

2.  Үлгілік қағидалардың негізінде және Заңның 7-бабының 2-тармағы  17-10) тармақшасына сәйкес облыстың  жергілікті атқарушы органдары Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

3.  Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

2)  азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту –азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық-түлік тауарларын өткізу немесе дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен азық-түлік тауарларын жеткізу арқылы, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару;

3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

4)  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру –  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары, тауарларды орналастыру және сақтау;

5)  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

6) мамандандырылған ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйым;

7)  сатып алу интервенциялары – облыстың аумағында бағалар төмендеген кезде мамандырылған ұйымның азық-түлік тауарларын сатып алуы бойынша шаралар;

8)  тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар.

4.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.

5.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

6.  Комиссияның төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік,  сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

7.  Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оған мүше болып табылмайды.

8.  Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:

1)  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;

2)  азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;

3)  облыстың жергілікті атқарушы органдары бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымның ұсынысын қарау.

9.  Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.

10.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген, мамандандырылған ұйымнан қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

11.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2-тарау.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі

12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:

1)  тұрақтандыру қорының қызметі;

2)  кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берутетіктерін іске асырады.

1-параграф.  Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі

13. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

 14. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.

15. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.

16. Мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген)  сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінен 10% немесе одан төмен бағаларды ұстауды есепке ала отырып қалыптастырылады.

17. Комиссия облыстың әкіміне азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы  ұсынымдар енгізеді.

18. Облыстың әкімі Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.

19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын тікелей тауар өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алу жүзеге асырылады.

20. Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы  21шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

21. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.

22. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

23. Жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйыммен бірге тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына және өңірдің ішкі нарығына мониторинг жүргізеді.

24. Мамандандырылған ұйым әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері ұлғайған жағдайда  2(екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.

25. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.

26. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.

27. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.

28. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыстың әкімі бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылуы тиіс.

29. Жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі

30. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды  тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қайтарым, қамтамасыз етілу және ақылы шарттармен жүзеге асырылады.

31. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бекітілген төмендетілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

32. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия жергілікті атқарушы органдар бекітетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидасының 3 параграфінде көрсетілген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды.

33. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.

34. Кәсіпкерлік субъектісі міндетті түрде мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

35. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.

36. Қаржыландыру көзі жергілікті атқарушы органдар бөлетін ақшалай қаражат болып табылады.

37. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

38. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

3-параграф. Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз алу үшін

қойылатын талаптар

  39. Қарыз алуға үміткер тұлғаның қарыз беру келісім шартында  көрсетілген міндеттерді орындауға материалдық қоры сәйкес және жеткілікті болуы тиісті. Егерде материалдық қоры жеткіліксіз болған жағдайда, қарыз алушы қосымша қарыз алушыны  тартуға құқылы.

  40. Қарыз алуға сауда орындарының аумағы 500 (бес жүз) шаршы метрден кем болмайтын бөлшек саудамен айналысатын немесе сауда орынын жалға алған ірі сауда-саттық мекемелері (сауда орталықтары,сауда үйлері, гипермаркеттер,супермаркеттер, базарлар және т.т.) қатыса алады алады.

  41. Қоғам отандық өндірушілердің тауарын ұсына отырып қарыз алушыға тауар ассортиментін таңдауда, алдыменен бағаны тұрақтандыру үшін қарыз береді.

   42. Өтінім келесі жағдайларда қаралмайды:

- өтінім берушінің Қоғам немесе екінші деңгейдегі банктер алдында қарызы болса;

- мекемесі таратылу, жойылу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған тұлға;

- соттық істі қараушы жақтың өкілі болып табылатын тұлға;


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы