Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 360 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Жарияланды: 23.10.2019
Өзгертілді: 23.10.2019
Қаралды: 144

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 360 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік крсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфраұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерстер еңгізу туралы», және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфраұрылымдық даму министрінің  2019 жылғы 25 шілдедегі  № 547 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілмінде №19094 болып тіркелген) Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы  № 360 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды рұқсат беру» (тіркеу тізілімінде № 2924 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;

  1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. Қоса беріліп отырған» облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, көрсетілген қаулымен бекітілген жаңа редакцияда осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  3. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Қ. Ережепов) осы Қаулының Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Н.С. Аққұловқа жүктелсін.

  5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  С. Трұмов

Маңғыстау облысы

кімдігінің қаулысына қосымша

2019 жылғы «  » №

Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

2015 жылғы 25 қарашадағы

№ 360

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

  1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметін» (бұдан әрі   – мемлекеттік қызмет) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

  Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерің орналастыруға жазбаша келісу (бұдан әрі- жазбаша келісу) «халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу», мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт)  10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап,  автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрстілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфраұрылымды даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі  № 529 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19094 тіркелген).

  Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық  құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен жіберіледі. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті алушының, өтінішін және стандарттың 9-тармағында көзделген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын алуы болып табылады.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

  1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал түскен құжаттарды қарайды, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

  2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолдтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған ЭЦҚ түрінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және жібереді – 15 (он бес) минут;

  6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

  1) құжаттарды рәсімдеу;

  2) құжаттарды қарау, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында жолдау – 15 (он бес) минут.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

  7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

  1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы түскен құжаттарын қарайды, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

  2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбамен  (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 15 (он бес) минут;

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

  9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

  1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-БСН), сондай   – ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады.);

  2) 1 – үдеріс-қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

  3) 1 – шарт-Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

  4) 2 – процесс-Порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  5) 3 – процесс-көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажетті құжаттардың көшірмелерін сұрау салу нысанына бекіту, сондай – ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі-ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

  6) 2 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру);

  7) 4 – процесс-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  8) 5 – процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі  -ЭҮӨШ АЖО) Жолдау;

  9) 3 – шарт-көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі;

  10) 6 – процесс-көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

  10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

  11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс   -қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы 3.мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес  -процестерінің анықтамалығы Порталда, көрсетілетін қызметті берушінің интернет – ресурсында орналастырылады.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы