Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жарияланды: 31.10.2019
Өзгертілді: 31.10.2019
Қаралды: 140

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы  № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы  № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3096 болып тіркелген, 2016 жылы 2 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық  жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

  көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С. С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Качаковқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап  күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2019 жылғы ___ ________

№___қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы 23 маусымдағы

№ 187 қаулысымен бекітілген

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

    1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

    2. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

  3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 12933 тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

   

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

    4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының  Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынуы болып табылады.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тартады  - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің маманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

  6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) өтінімді (өтпелі өтінімді) қабылданғанын растау немесе уәжді бас тарту;

2) «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде төлем тапсырмасын қалыптастыру;

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара  іс-қимыл тәртібін сипаттау

  7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдарды) өту реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тартады  - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің маманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

    9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдерінің (іс-қимылдарның) реттілігін сипаттау:

    1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан  әрі - ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) және парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады;

    2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН немесе БСН және паролін (авторландыру процесі) енгізуі;

    3) 1-шарт – порталда ЖСН немесе БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

  4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

    5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының  «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде (әрі қарай - Регламент) көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы, сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

    6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығы,  сондай – ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

    7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

    8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарының (көрсетілетін қызметті алушының сұранысының) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдауы;

    9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімді (өтпелі өтінімді) тексеруі;

    10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде (өтпелі өтінімінде) кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;

  11) 7 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің   (іс-қимылдарының), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің  бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

    11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1 қосымша

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

қызметті алушы

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінім немесе өтпелі өтінім қалыптастырады

өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тартады  - 1 (бір) жұмыс күні ішінде   

көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысы


субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады - 2 (екі) сағат ішінде

 


 

 


Шартты белгілер:

  - мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

 

  көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;

  -  келесі рәсімге  (іс-қимылға)  өту;

 

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі

Портал

 Портал

ЭҮАШ

АЖО

Процесс 1

1 шарт

Процесс 3

2 шарт

Процесс 5

3 шарт

Процесс 7


Процессс 6

Процесс 2

Процесс 4

Процесс 1

Көрсетілетін қызметті алушы

[img width="41" height="72" src="file:///C:/TEMP/OICE_E7717EB0-4424-4717-9F61-BF9E6DFAB640.0/msohtmlclip1/01/clip_image004.png" alt="Подпись: Бас тарту" v:shapes="Прямоугольник_x0020_389" class="shape" v:dpi="96">


Ескерту: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:

АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

ЭҮАШ - «Электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзі.

Шартты белгілер:


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы