Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) мен субсидиялардың нормалары:
1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);
2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.
2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):
осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А.С. Мамытбеков
«____»_______________2015 ж.
«Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ М.Б. Альбекова
«____»_______________2015 ж.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
______________ С. Б. Нарешова
«____»_______________2015 ж.
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Б. Ерсайынұлы
«___» ____________ 2015 ж.