Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады
Добавлено: 12.08.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 122

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мамандарды аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін марапаттады.

-Егемендіктің 25 жылдығы қарсаңында да халыққа қызмет көрсететін ғимараттар салынып, қоныс тойы тойланады. Осынау айтулы мерекеге орай, 31 шағынауданда Кірістер департаменті, 31 шағынауданда жаңа спорт кешені, Бейнеу ауданында 900 орындық Манашы орта мектебі, Жаңаөзенде кәріздік тазалау ғимараты мен облыс орталығында салық ғимараты пайдалануға беріледі. Осы күні қызу жұмыстардың қақ ортасындағы құрылыс-сәулет саласының қызметкерлері әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, құрылыс жұмыстарын тоқтатпай, саланы түрлендіріп, өңір экономикасының дамуына лайықты үлес қосып келеді,-деді аймақ басшысы Алик Айдарбаев.

-2016 жылдың 6 айында өңір бойынша 399 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Осы жылдың аяғына дейін 680 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, халықты баспанамен қамту 10-15 пайызға артығымен орындалады деп жоспарланып отыр. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласындағы Арай шағынауданында 320 орындық балабақша, облыс орталығындағы 34-шағынауданда 60 пәтерлік 4 тұрғын үй және Мұнайлы ауданында 24 пәтерлік 12 тұрғын үй құрылысы басталды. Әлеуметтік маңыздағы құрылыстардың бой көтеруіне республикалық бюджеттен 16 миллиардқа жуық қаржы қарастырылып отыр. Облыс орталығы – Ақтау қаласы бас жоспарға сай солтүстік-батысқа қарай өсіп келеді. Жаңа шағынаудандарда тұрғын үй құрылысы мен инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда 34 шағынауданда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 32а шағынауданда бір мектеп пен екі балабақша, 19 шағынауданда мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр, - деп атап өтті Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы