Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Шетпе ауылына темір жолдан өтуге арналған көпір салынды
Добавлено: 15.09.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 450

Қос мерейтой қарсаңында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Маңғыстау ауданының құрылуына 50 жыл толуына орай жер қойнауын пайдаланушылар ауыл тұрғындарына осындай сыйлық жасады.

Ұзындығы 106,59 метр және биіктігі 8 метр болатын жаңа жер үсті өткелі «ЖаңаОрпа» шағынауданын Шетпе ауылының орталығына қосады. Көпір құрылысының қажеттілігі туралы мәселені аудан ардагерлері өткен жылы облыс әкімімен өткен кездесу кезінде көтерген болатын. Жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, «КаспийЦемент» ЖШС өз қаражаты есебінен құрылысын бастап кетті. Құрылыс құны 48 млн. теңгеге жуық.

- Бүгін біз үшін қуанышты күн – «Жаңа Орпа» шағынауданының тұрғындары үшін өтпе жол салынды. Бұл мәселе 50 жылдан бері шешімін таппай келді. Темір жолдан өту үшін пойыздың астынан өтетін едік. Оған қоса, балалар сабаққа барады, ойнайды. Бұл қауіпті болды, десе де жазатайым оқиғалар орын алған жоқ, - деді Шетпе ауыл тұрғыны Қонақбай Ізғалиев.

Республикалық маңыздағы «Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автокөлік жолдарының құрылысы жақын арада аяқталады. Облыстық «Шетпе-Таушық» автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ, «Шетпе-Тиген» жолы салынып жатыр.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы