Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» атты патриоттар форумы өтті
Жарияланды: 22.09.2016
Өзгертілді: 30.11.-0001
Қаралды: 355

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және Қазақстан халқының тілдер күні мерекесін тойлау аясында өткен патриоттар форумы мемлекеттік тіл жанашырларының басын қосты. Патриоттар форумына «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, тілші ғалым, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, танымал «Татьяна» триосының мүшесі Татьяна Бурмистрова, «Хабар агенттігінің» дикторы, тілші, Маңғыстаудың төл перзенті Игорь Сахар, сондай-ақ, этно-мәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер мен білім беру ұйымдарының өкілдері, шетелдік және отандық мұғалімдер қатысты.

Маңғыстау облысындағы 117 орта білім беру мекемесінде оқу қазақ тілінде, 22 мектепте қазақ-орыс тілдерінде, 4 мектепте орыс тілінде жүргізіледі. Ал 207 балабақшадағы мектепке дейінгі оқу ісі қазақ тілінде жүргізілсе, 29 балабақшада қазақ және орыс тілдерінде, 7 балабақшада орыс тілінде тәрбие, білім беріледі.

- Маңғыстауда 60 ұлттың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Қазіргі таңда облыстың қазақ мектептерінде білім алып жүрген өзге этностар өкілдерінің саны 400 болса, балабақшалардағы қазақ топтарында тәрбиеленіп жүрген балғындардың саны 500-ге жуық. Өңірімізде мемлекеттік мекемелердің 99,8 пайызы іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізеді. Маңғыстау облысындағы мемлекеттік тіл саясатының дамуына 21 этно-мәдени орталық үлесін қосып отыр. Олардың бірнешеуінде жексенбілік мектептер құрылған. Онда мемлекеттік тіл мен өз ана тілдерін де үйрететін курстар бар. Бүгін форумда осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Осы жерге жиналған барлық жастар ұлты мен дініне қарамастан бір тілде – қазақ тілінде сөйлесе алады, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Патриоттар форумының қатысушылары қазақ тілі туралы өздерінің пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті. Қазақ тілін үйрену олардың өміріне үлкен өзгерістер әкелген, шын махаббатын тауып, отбасын құруға жәрдемдескен. Мәселен, интернационалдық отбасы Руслан мен Меруерт Огай өз оқиғаларын баяндап берді. Ал Николай Федотов қазақтың қара домбырасында Құрманғазының «Адай» күйін ойнады. Армен Саакян және Виктория Гасангусинова форумға қатысушыларға «Қазақстаным» мен «Тәуелсіздің таңы» әндерін орындады.

Мемлекеттік тілді нығайту мен мемлекеттік тіл саясатын дамытуға зор үлесін қосқаны үшін Маңғыстау облысының әкімдігі атынан бірнеше азаматтар марапатталды. Атап өтсек, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамнының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Татьяна Бурмистрова, тілші Игорь Сахар, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Назарали Селимов, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Ұлдай Қадырбаева.

Форум жұмысын қорытындылай келе, форумға қатысушылар Маңғыстау жастарының «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ» Үндеуін қабыл алды.

Біруақытта, «Holiday Inn» қонақүйінің фойесінде Маңғыстау өлкесінің Ел Тәуелсіздігін алған 25 жылы ішіндегі жетістіктері мен тіл саясатын жүзеге асыру жолындағы атқарылған қызметтерді бейнелейтін көрме ұйымдастырылды.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы