Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының қаржы қызметкерлері Ұлттық валюта күніне орай балалар суреті байқауын ұйымдастырды
Добавлено: 03.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 182

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сондай-ақ Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіби мерекесі аясында ағымдағы жылдың 3 қараша күні Маңғыстау облысының қаржы басқармасы аймақтың қаржы жүйесі қызметкерлерінің балалары арасында сурет байқауын ұйымдастырды.

Конкурсқа қазынашылық пен мемлекеттік кірістер департаменттері, аудандық экономика және қаржы бөлімдері, екінші деңгейлік банктер мен қаржы бақармасы қызметкерлерінің 30 баласы қатысты. 5 жас пен 13 жас аралығындағы балалар тәуелсіз Қазақстандағы өз болашақтарын жарқын әрі мазмұнды, ең бастысы мейірімді етіп суреттеп берді.

Байқау нәтижесі бойынша барлық балаларға дипломдар мен шығармашылықтарын дамытуға арналған сыйлықтар табыс етілді.

- 15 қараша Ұлттық валюта күні – теңге және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленгені мәлім. Маңғыстау облысының қаржыгерлері күнделікті банк жүйесінің механизмдерін жетілдіріп, мемлекеттік бюджеттің орындалысын қамтамасыз етіп, кеден және салық бақылаулары мәселелерін реттейді, қатаң қаржылық тәртіпті сақтайды, сондай-ақ мемлекеттік меншікті басқарады. Аймақтың қаржы жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған тапсырмаларын орындау жолында аянбай еңбек етеді. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы қайырымдылық іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып отырады. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің 95 жылдығы қарсаңында қайырымдылық акцияларын, байқаулар мен басқа да шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Марина Әлібекова.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы