Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Студенттер спартакиадасы
Жарияланды: 12.11.2016
Өзгертілді: 30.11.-0001
Қаралды: 368

ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенттерінің арасында 2016 жылдың 10-12 қараша күндері 32 шағын аудандағы спорт кешенінде Спартакиада өткізілді.

Спартакиаданы өткізу мақсаты - студенттерді дене шыңықтыру мен спортпен жаппай айналысуға тарту арқылы студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Спартакиада спорттың волейбол, шағын футбол түрлері бойынша өтті. Спорттық сайысқа университеттің «Педагогика», «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық», «Мұнай және газ», «Экономика және құқық», «Көлік және құрылыс» факультеттерінің 300-ден аса студент-жастары белсенді қатысты.

 Шағын футболдан жүлделі орындарды сарапқа салу 16 команданың арасында болды. Оның ішінде «Педагогика», «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық», «Мұнай және газ», «Экономика және құқық», «Көлік және құрылыс» факультеттерінен командалар қатысты. Бас жүлдені «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің студенттері алса, 2 орынды «Экономика және құқық» факультетінің, 3 орынды «Педагогика» факультетінің студенттері иеленді. 8 жасөспірімдер командалары арасында алтынға «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің студенттері ие болса, күміс  «Көлік және құрылыс» факультетінің студенттеріне бұйырды, қола жүлде «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінінің екіншісі командасына берілді.

Спартакиада жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы