Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Маңғыстаунама-2016» облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталды
Жарияланды: 18.11.2016
Өзгертілді: 30.11.-0001
Қаралды: 469

18 қараша күні Түпқараған ауланының Ақшұқыр селолық мәдениет үйінде жергілікті жазушы, тарихшы, тілші, публицист, қоғам қайраткері Маршал Әбдіхалықовтың 80 жылдығына арналған «Маңғыстаунама-2016» облыстық танымдық байқауы өтті. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында өткізілді.

Дәстүр бойынша «Маңғыстаунама» конкурсы облыс ішінде ғана өткізіліп, шараның жыл сайынғы тақырыбы танымал маңғыстаулық жазушылар мен ақындар болады.

Осы жылы конкурсқа қатысушылар өздерінің жұмыстарын 1936 жылы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген жазушы, тарихшы және публицист Маршал Әбдіхалықовтың шығармашылығына арнады.

- Біз жастарымызға үлкен үміт артамыз. Бүгінгі көрініс арқылы олардың қаншалықты талантты екенін байқадық. Қатысушылар Маршал Әбдіхалықовтың шығармалары мен шығармашылық жолын зерттеуде көп еңбек етті. Бұл жас маңғыстаулықтардың Отанымыздың 25 жылдығына арнаған азғантай сыйлығы деп білеміз, - деп атап өтті Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.

Байқауға қатысушылар М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясындағы «Маршал мұражайын» аралап, жазушы өмірімен танысты. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Отарова жазушының әлі де жарияланбаған және зерттеуді қажет ететін кітаптары бар екенін атап өтті.

- Маршал Әбдіхалықов аймағымыздағы ең алғашқы журналистердің бірі. Сондай-ақ ол атақты жазушы, өлкетанушы әрі аудармашы. Маршал Әбдіхалықов 30 жыл бойы Алматы қаласында тұрып, өзінен кейінгі ұрпаққа үлкен әдеби мұра қалдырып кетті. Оның шығармаларынан туған өлкесі – Маңғыстауға деген кіршіксіз махаббатты байқауға болады, - дейді Ш.Есенов атындағы КМТжИУ «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Отарова.

Байқау келесі номинациялар: эссе, жазушының шығармалары мен шығармашылығын зерттеу жұмыстары, көркемсурет сайысы, жазушының шығармашылығына арналған өлеңдер, сахналық қойылымдар бойынша өтті. Конкурсқа облыстың аудан және қалаларынан 91 оқушы мен мұғалім қатысуға ниет білдірді.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды сахналық қойылыммен Қарақия ауданы № 8 орта мектебінің «Тағылым» тобы иеленді. Маңғыстау ауданы, Ұштаған орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Ақкүміс пен Түпқараған ауданы, №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Есетжанова Шынар «Ақынға арнау» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Маңғыстау ауданы, Оңды орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саржанова Күнімкүл мен Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Бүркіталиев Айберіктің жұмыстары ең үздік эссе деп танылды. Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Дүйсекенова Арай «Иллюстрациялық сурет байқауы» бойынша жеңімпаз атанды. Ал Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Сұлтанова Дильфузаның зерделеу жобасы үздік деп танылды. 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы