Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда волейболдан республикалық чемпионат басталды
Жарияланды: 22.11.2016
Өзгертілді: 30.11.-0001
Қаралды: 324

22 қараша күні Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ерлер арасында волейболдан 25-нші чемпионаттың І кезеңі басталды. Спортшылар облыс орталығының «Каспий» спорт кешенінде бас қосты.

Дүбірлі додаға Атырау, Батыс Қазақстан, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан әрқайсысы 14 ойыншыдан тұратын 7 команда қатысуда.

- Бүгінгі шараның ерекшелігі – волейболдан 25-нші Чемпионаттың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі. Дені саудың – жаны сау демекші, рухани бай, қуатты, саналы адам ғана, еліміздің өркендеп-өсуіне өз үлесін қосуға қабілетті. Барлық қатысушыларға қызықты ойын мен жарқын жеңістерге қол жеткізуді тілеймін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Маңғыстау өңірінде де волейбол спорты дамып келеді. Өткен жылғы жарыста маңғыстаулық волейболшылар 4-нші орынға қол жеткізген болатын.

5 кезеңнен тұратын республикалық чемпионаттың І кезеңі 29-ншы қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың 2-нші кезеңі Петропалда, ал 3-нші кезеңі Ақтөбе қаласында өтеді деп жоспарлануда. Дода қорытындысы келер жылдың сәуір айында анықталады.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы