Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстауда «бір шаңырақ астында» жобасы аясында іс-шаралар бастау алды
Добавлено: 25.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 131

Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен этномәдени бірлестіктер өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай аудандарға барып, мерекелік іс-шаралар өткізуде. 

Ұйымдастырушылар Мұнайлы, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласына барды. Іс-шаралар барысында аудандардың еңбек сіңірген тұрғындарына алғыс хаттар табысталды. Әр түрлі этностардың ұлттық әндері мен билері орындалды. Этномәдени бірлестіктер төрағалары мен төрайымдары халықты ұлы мерекемен құттықтап, аудандардың өркендеп, гүлденуін тіледі. Тәуелсіздіктің тұғыры берік болуы үшін көп ұлтты Қазақстан халқының бірлікте өмір сүруі аса маңызды екенін де айтып өтті. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер береке-бірлік нығайсын деген ниетпен  аудан көшелеріне тал егіп, көшет отырғызды.

Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов: «Біздің атқарып отырған әрбір жұмысымыз қоғамдық келісім мен облысымыздағы халықтар арасындағы достастықты нығайтуға бағытталған. Қазақ халқының қолдауы болмаса, бұл жұмыстар нәтижесіз болар еді».


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы