Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін баспана ашылды
Добавлено: 28.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 273

28 қараша күні «Облыстық арнайы мамандандырылған «Балалар үйі» ғимаратында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жобасы – «Үміт үйі» облыстық дағдарыс орталығының – тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге арналған баспананың ашылу салтанаты өтті. Жоба әкімшісі – «РАЙ» қоғамдық қоры.

Ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ корпоративтік орталығының трансформация жобасының жетекшісі Лариса Зямзина, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас қатысты.

Дағдарыс орталығында өмір сүруге қажетті барлық заттар бар. Баспана 15-20 жататын орынға есептелген. Сонымен қатар, ғимаратта оқытуға және әйелдер мен баспана қызметкерлері үшін тренинг, семинарлар өткізуге арналған зал бар. Балаларға арналған бөлмелер дидактикалық ойыншықтармен және құралдармен жабдықталған.

«Үміт үйі» дағдарыс орталығында киім пішу, шаштараз, аспаз, консервілеу, киіз басу, ұлттық өрнектерді кестелеу бойынша оқу курстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұдан былай әрбір зардап шегуші әйел – тұрмыстық зорлық құрбаны орталыққа хабарласып, көмек және мамандардан кеңес ала алады. Қазіргі кезде баспанада тәулік бойына 42-00-60 сенім телефоны жұмыс жасайды. Мұнда маман азаматтарға шұғыл көмек көрсете алады. Барлық ақпарат – анонимді түрде және құпия. «Үміт үйі» дағдарыс орталығы осы орталыққа хабарласқан адамдар туралы ақпаратты таратпауға жауапты.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы