Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылардың арасында «Қайқылардан қалған саз» атты конкурс басталды
Добавлено: 30.11.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 218

29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылар арасында ІІ Республикалық «Қайқылардан қалған саз» атты конкурсы басталды. Екі жылда бір өтетін байқау биыл Маңғыстау ән мектебінің даңғайыр өкілі, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, әнші Күріш Тасболатовтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Екі күнге созылған дүбірлі шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен 24 талапкер қатысуда. Ән байқауына келген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мерейтой иесін құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Конкурстың мақсаты – Маңғыстаудың дәстүрлі әншілік мектебінің, әсіресе, жеті қайқының қазақтың музыкалық мәдениетіндегі тарихи рөлін республика көлемінде айқындап, рухани мұраларын жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау және дауылпаз әнші Күріш Тасболатовты дәріптеу, - деп атап өтті облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Пәния Сармурзина.

Байқауға Маңғыстаудың дәстүрлі ән мектебімен етене таныс өнер өкілдері қазылық етуде.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы