Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Облыстық онкологиялық диспансерінде гистологиялық, иммуногистохимиялық және экспресс-лаборатория ашылды
Добавлено: 09.12.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 223

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің базасында гистологиялық, иммуногистохимиялық және экспресс лаборатория ашылды.

Бүгінгі таңда диспансер кешенді диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсетіп келеді. 2016 жылдың басынан бастап өңеш пен ішекті стенттеу, құрсақ қуысы мен кіші жамбасқа эндобейнехирургиялық оталарын жасау, бейнеколоноскопия және диагностиканың басқа да түрлері секілді емдеу мен диагностиканың жаңа әдістері енгізілді.

- Оған қоса, қатерлі ісікті диагностикаға түсіру проблемалары да бар. 30 жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан диспансердің базасында гистологиялық және иммуногистоxимиялық зерттеулер бойынша өзінің лабораториясы болмаған. Сондықтан зерттеулердің кейбір түрлері Ақтөбе немесе Алматы қалаларында жүргізілді. Олар 15 күн мен 30 күннің арасындағы мерзімді және үлкен қаражатты талап етеді. Гистологиялық зерттеуге қажетті құралдарды сатып алу - сынамалы зерттеудің мерзімін 3 күннен 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда жедел араласу кезінде шұғыл нәтижелер алуға болады. Бұл гистологияның дамуын ерте кезеңінен бастап анықтауға және аурудың таралуын болдырмауға көмектеседі , - дейді облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Нұрлан Жариев.

Лабораторияға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жергілікті бюджет есебінен 90 млн.теңге қаржы бөлінген. Қатерлі дерттің алдын алу мақсатында ашылған лабораторияның жұмысын жолға қою үшін арнайы мамандар шақырылды. Жалпы онкологиялық диспансер биыл 15 жоғары білікті маманмен толықты. 

Дәл осы күні халықаралық конференция басталып, оның аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары мен Ресей Федерациясының ғалымдары шеберлік сабақтарын өткізеді. 


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы