Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтаудағы «ҚазАзот» ЖШС-де газды поршенді электр станциясы іске қосылды
Добавлено: 14.12.2016
Изменено: 30.11.-0001
Просмотров: 457

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «ҚазАзот» ЖШС-де газды поршенді электр станциясы іске қосылды. Салтанатты рәсімге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

«ҚазАзот» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы азотты минералды тыңайтқыштардың 90%-ын өндіретін ірі кәсіпорын. 2012-2014 жылдары үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынмен цехтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. «Шағырлы-Шөмішті» газ өңдеу кенорнының жобасы сәтті жүзеге асырылды. Өткен жылы табиғи газды өнеркәсіпті өндіру басталды.

- 2015 жылы 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында Индустрияландыру картасына технологияларды жаңғырту бойынша «ҚазАзот» ЖШС жобасы кірген болатын. Ол 3 кезеңнен тұрады, соның бірі – газды поршенді электр станциясын іске қосу. Аймақ үшін бұл – жаңа жұмыс орындарының ашылуы, экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру мен облыстың экспортты әлеуетін дамыту болып табылады. Еліміздің индустрияландыру бағдарламасы мен отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға айтулы үлес қосқандарыңыз үшін «ҚазАзот» кәсіпорнының ұжымына зор алғысымды білдіремін, - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы