Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы
Жарияланды: 19.05.2017
Өзгертілді: 22.05.2017
Қаралды: 1145

Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 3353 болып тіркелді


 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 26 шілдедегі "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасы бекітілсін. 

2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Л. Илмұханбетоваға жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі Е. Тоғжанов 

 "КЕЛІСІЛДІ"

  "Маңғыстау облысының  қаржы басқармасы"

 мемлекеттік  мекемесінің басшысы 

 М.Б. Әлібекова



Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы