Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Кәсіподақ қозғалысы
Жарияланды: 18.06.2018
Өзгертілді: 18.06.2018
Қаралды: 5949

Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы өз бастауын ХХ ғасырдан алады.

1905 жылдың 6 желтоқсанында құрылған, қазіргі Қарағанды облысы аумағында орналасқан Өспен мыс кеніші жұмысшыларының одағы Қазақстан жеріндегі ең алғашқы кәсіподақ ұйымы болып саналады.

Кеңес дәуірі кезеңінде Қазақстан Республикасындағы барлық кәсіподақтардың қызметін ортақ орталық орган – 1948 жылы Бүкілодақтық Кәсіптік Одақтар Орталық Кеңесінің (БКООК) XIX Пленумының қаулысы негізінде құрылған Қазақ кәсіптік одақтар кеңесі (Қазсовпроф) басқарған.

1990 жылдың 10 қазанында Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезінде Қазсовпрофтың мирасқоры болып табылатын Қазақ ССР Кәсіподақтар Федерациясын құру туралы Декларация қабылданды.

 Маңғыстау облыстық кәсіподақтар Кеңесі  7 сәуір айында 1973 жылы құрылды.

Алғашқы облыстық кәсіподақтар Кеңесінің төрағасы болып Шүйіншалиев Тоқтар Шүйіншалиұлы сайланды.

3 желтоқсан 2014 жылы Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығы болып аталды.

Қазіргі кезде облыс кәсіподағының құрамында салалық кәсіподақтын 8 филиалы, 35 жергілікті  және 640 бастауыш ұйымдарды біріктіреді. 80 000 жақын кәсіподақ мүшелері бар. 2015 жылдың 1 қазанда«Маңғыстау облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігініңтөрағасы болып Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы сайланды. 

Орталықтын жүргізіп отырған саясатының арқасында мүшелерінің саны күннен күнге арттырып келеді. Қазіргі тұрмыс тынысында кәсіподақтын орыны ерекше болып табылады.

Облыстық Кәсіподақ Орталығы аймақтағы кәсіподақтардың іс әрекеттерін шоғырландыру, біріктіру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және қорғау, кәсіподақтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуді өз қызметінің басты мақсаттары етіп көреді.

Орталық қызметінің нысаны  – мүшелік ұйымдардың әрекеттерін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға өкілдік ету үшін шоғырландыру және үйлестіру, кәсіптік одақтардың қызметіне құқықтық кепілдікті қамтамасыз етуге септесу.
Осыған қоса маңызды қызметтерінің бірі - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Облыстық үшжақты комиссияның жұмысына қатысуы болып табылады.
  ҚР Еңбек кодексіне сәйкес әлеуметтік әріптестік бойынша аумақтық үшжақты комиссиялар жұмыс істейді. Комиссия қызметінің басты бағыты – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты, еңбекақыны уақытылы төлеуді, оның кемуін болдырмауды, жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруді қамтамасыз ету.


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы