Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
Жарияланды: 02.08.2018
Өзгертілді: 02.08.2018
Қаралды: 887

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі айқындалсын.

2. «Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Б. Қарсыбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің  интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін. 

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі        Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысы әкімдігінің

20__ жылғы «__» ____________ №____қаулысына

қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі


р/с№

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1

серверлер, телекоммуникациялықжабдықтар, бейне бақылау және олардың құрамдас бөліктері (конкурс/аукционжүргізугебөлінгенсома, тиісті қаржыжылынабелгіленгенайлықесептіккөрсеткіштіңтөрт мыңеселенгенмөлшеріненасқанжағдайда)

1.2

жұмысстанциялары, дербескомпьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экран, процессорлар, ноутбуктер, көпфункционалдықұрылғылар, принтерлер, сканерлер (конкурс/аукционжүргізугебөлінгенсома, тиісті қаржыжылынабелгіленгенайлықесептіккөрсеткіштіңтөрт мың еселенгенмөлшеріненасқанжағдайда)

1.3

кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда, медициналықтехника және медициналық мақсаттағы бұйымдар (конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сома, тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)

2.

Жұмыстар:

2.1

жаңа құрылыстарды құру (салу) не қолданыстағыларды ғимараттарды, имараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды реконструкциялау, күрделі, орташажәне ағымдағы жөндеу,ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру, аумақтарды абаттандыру(конкурс жүргізуге бөлінген сома, тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)

2.2

жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (конкурс жүргізуге бөлінген сома, тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)

3.

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

инжинирингтікқызметтер, санитариялық тазалау (конкурс жүргізуге бөлінген сома, тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)

3.2

қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру (конкурс жүргізуге бөлінген сома, тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)



Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы