Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
«Еңбек жолы» конкурсы туралы
Жарияланды: 06.08.2018
Өзгертілді: 06.08.2018
Қаралды: 2078

«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы»конкурсын(бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:

1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтардаҚазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласынақарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттарыең көп, ең көп санды әулет таңдалады.

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдеріқатыса алады.

Еңбек әулеті – бір ұймныңбір отбасыныңекі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен),қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жылжұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауғатиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгертаңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезеңөңірлік деңгейде өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, онлайн дауыс беру;

2)онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан облыстық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздарыарасында өткізіледі:

1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;

2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының республикалық деңгейінің жеңімпаздарын анықтау

Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 27 қазанында «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалықфорумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;

7) қысқа өмірбаянмен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Толық ақпаратты Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан алуыңызға болады. Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 71 ғимарат, 1 қабат, 18 кабинет. Байланыс телефоны: 42-01-79 немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады, www.enbek.gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы