Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Жарияланды: 26.09.2018
Өзгертілді: 26.09.2018
Қаралды: 599

Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 41 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы   23  сәуірдегі  № 147  бұйрығына  өзгерістер   мен  толықтыру  енгізу туралы»бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде   № 16871 болып тіркелген)  сәйкес  Маңғыстау  облысының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.  Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі  № 211 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы»  қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 2815 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте «Әділет»  ақпараттық-құқықтық жүйесінде  жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Маңғыстау облысы әкімдігінің № 258 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  Тізілімінде № 2833 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда «Әділет»  ақпараттық-құқықтық жүйесінде  жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:   көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:

5 тармақтың 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады:

«4) қызмет берушінің жетекшісі шешім жобасымен келіседі  -1 күнтізбелік күн;

5) облыс әкімі шешім жобасына қол қояды- 12 күнтізбелік күн;»;

8 тармақтың 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады:

«4) қызмет берушінің жетекшісі шешім жобасымен келіседі  -1 күнтізбелік күн;

5) облыс әкімі шешім жобасына қол қояды- 12 күнтізбелік күн;».

3.  «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Маңғыстау облысының әкімі    Е. Тоғжанов


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы