Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді) және мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгілеу туралы
Жарияланды: 03.09.2018
Өзгертілді: 03.09.2018
Қаралды: 601

Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 20 маусымдағыЖер кодексіне және Қазақстан Республикасының  2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді)  және  мемлекеттік табиғи  (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер белгiленсін.

2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының әкімі  Е. Тоғжанов


  Маңғыстау облысы әкімдігінің  2018 жылғы 

«____»_______  №_______ қаулысына қосымша


Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді)  және  мемлекеттік табиғи  (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер

1.   Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи (кешенді)  және  мемлекеттік табиғи  (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде мынадай қызметке: 

1)  жергілікті маңызы бар «Есет», «Көлеңкелі», «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалдар аумағы шегінде – табиғи кешендердi сақтауға қатер төндiретiн шаруашылық қызметке, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге;

2)    жергілікті маңызы бар«Адамтас», «Жабайұшқан», «Тасорпа» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағы шегінде – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға тыйым салынады.

2. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар белгiленген шектеулердi сақтай отырып,  мемлекеттiк табиғи қаумалдар аумағы шегінде шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.


Маңғыстау облысының әкімі
Трұмов Серікбай Өтелгенұлы